Қазақстандық студенттер "Huawei" компаниясынан тәжірибеден өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Еліміздің жетекші университеттерінде 50-ден астам "Huawei академиясы" құрылып, 5000-ға жуық студентті қамтиды

tengrinews.kz

“Digital Bridge 2022” халықаралық форумында Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен “Huawei Technologies Kazakhstan” компаниясы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Енді қазақстандық студенттер мен оқытушылар “Huawei” компаниясында білім алып, тәжірибеден өте алады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы Ғылым және Жоғарғы білім министірі Саясат Нұрбек Facebook парақшасынанда мәлімдеді.

Меморандум нәтижесі бойынша қазақстандық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Енді студенттердің “Huawei” компаниясында тәлім алуына, ақпаратты-коммуникациялық технология саласында сертификаттаудан өтуіне, арнайы ұйымдастырылған білім беру конкурстарына қатысуға және жұмысқа орналасуына қолғабыс жасалады. 

“Алдағы үш жылда “Huawei” Қазақстандағы цифрлы білім деңгейін ілгерілету үшін АКТ академиясын дамытады. Еліміздің жетекші университеттерінде ынтымақтастық аясында 50-ден астам Huawei академиясы құрылады деп күтілуде. Бұл академиялар бүкіл еліміз бойынша 5000-ға жуық студентті қамтиды деп жоспарлануда. Оқыту нәтижесі бойынша студенттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған “Huawei” сертификатын ала алады», ‒  деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар оқытушылар “Huawei” өткізетін білім беру процесі мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатыса алады.