Дінді бөлуге болмайды дейді имам
Әлеуметтік желіде Нұрлан имам "Математика неге керек? Одан да мектептерде құран үйретпей ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Бұл - қате түсінік. Дінді бұлай бөлуге болмайды. Осы сияқты дінді бөлгеннен бізді "Ауғанстан", "сауатсыз" қылып жатыр.
Математика - нағыз ғылымның атасы. Тек құран оқи берсең, ертең құранды сатасың. Құраннан басқа ештеңе білмейсің. Дұрыс емес ол. Білім үйрену еркекке де әйелге де парыз.
Сенің жазғаныңда 11 қате тұр. Өз ана тілінде қате жазған адам араб тілін қайбір қарық қылады", - деп жауап берді имам.