Жоспарды өзгертуге талапкерлердің өтініші себеп болған
Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу жылының басында бейіндік пәндерді біріктіру жайында мәлімдеген еді. Нақтырақ айтқанда, «В059 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар», «В055 – Математика және статистика», «В063 – Электротехника және автоматика» білім беру бағдарламаларының топтарына түсуші үміткерлер «Математика-информатика» комбинациясын тапсыруға міндеттелді. Бүгін министрлік бұл өзгеріс күшін жойғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«В059 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар», «В055 – Математика және статистика», «В063 – Электротехника және автоматика» білім беру бағдарламаларының топтарына түсуші үміткерлер «Математика-информатика» комбинациясын тапсыруға міндетті болды. Алайда, болашақ мамандығы ретінде осы мамандықтарды таңдаған көптеген талапкер «Математика-Физика» мамандандырылған пәндер комбинациясынан кетуді сұрады, өйткені олар дайындықты бастап кеткен.
Осылайша, біз сіздердің талап-тілектеріңізді ескере отырып, бұл мәселелерді өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық», – дейді Саясат Нұрбек.
Демек, талапкерлерге ҰБТ-ға дайындықты «Математика-Физика» пәндері бойынша жалғастыруға болады.
“Сондай-ақ оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әдебиеттер тізімі мен тапсырмалар құрастырылған тест сұрақтары жарияланғанын атап өткім келеді. «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи даталардың тізімі, «Информатика» пәнінің терминдер тізімі, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі берілді және онлайн тестілеу сынақтары іске қосылды.
Сонымен қатар, жақын арада тегін онлайн сабақтар басталады. Бұл шаралар ҰБТ-ға дайындықты арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін”, – дейді министр.