Тоқаев түркі елдерінде әлемнің үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев ғылыми әріптестік арқылы білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту аса маңызды екенін атап өтті

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде ұйымға мүше елдерде әлемнің үздік университеттерінің филиалын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми әріптестік арқылы білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту аса маңызды екенін атап өтті.

"Осы орайда елдерімізде әлемдегі үздік университеттердің филиалдарын ашуды ұсынамын. Бірлескен ғылыми шаралар өткізіп, тәжірибе алмасу керек. Тіл бөлімдерін ашуға қатысты жұмысты ретеу керек. Жасанды интеллектіні, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударған жөн", – деді Қазақстан Президенті.