Министр Ғани Бейсембаев отставкаға кете ме

Qaz365.kz редакциясы

Хат жазған ұстаздар үш мәселені көтерген

primeminister.kz

Жақында бір топ мұғалім Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді сұрап, Президентке хат жазған. Осыған қатысты министр жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Ғани Бейсембаев Мәжіліске келген. Тілшілер: «Қоғамда мұғалімдер сіздің отсавкаға кетуіңізді талап етіп жатыр. Олар министр аттестация тапсыруды қиындатып жіберді. Министрлік тұрмақ, мектепті басқара алмайды деген пікір бар. Бұған не айтасыз?», - деді тілшілер. 

Ол бұл мәселеден хабары бар екенін жеткізді.

«Жалпы кез келген министрді тағайындау немесе отставкаға жіберу Президенттің қолында», – дейді министр.

Ғани Бейсембаев құжаттарды «Ашық АНҚ» порталында жарияладық. Құжаттарды мұқият оқысаңыздар, ондағы негізгі идеология оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің жетістігін бағалауды көздейді деп отыр.

«Бұған дейін аттестация негізінен мұғалімдердің портфолия жинауына өзінің жетістіктеріне ғана негізделген болатын. Енді мұғалімдердің сұранысы бойынша және сарапшы топтардың жұмысының негізінде бұл әбден сараптамадан өткізіп, ұсыныстарды өткіздік. Сондықтан керісінше, мұғалімдердің артық тестіден өткізуге, 30 жыл қызмет еткен немесе зейнетке шыққанға дейін тест тапсырып, аттестациядан өту мәселесі көп қозғалған болатын. Бұдан бөлек, жалпы тестердің сапасына сын айтылатын. Айтылған сынның бәрін жаңа ережеде ескердік. Сондықтан мұнда біз балаларға сапалы білім беруді, саналы тәрбие беруді көздеп отырмыз. Аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтардың талабына сәйкес келеді», - деді ол.

Айта кетейік, жоғары жаққа хат жазған ұстаздар үш мәселені көтерген еді. Бейсембаев өз адамдарын жинап жатқанын, сосын жемқорлықпен күрескен ұстаздарды қудалаумен айналысып кеткенін, сосын құр уәдемен шаршатқанын айтқан.