Сериал осы жылы жарық көрген
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ресейлік «Слово пацана» сериалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз, уақытынан бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Оған Оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестеріміз де қосылды, бірақ әзірге біз үлкен толқуды көрген жоқпыз. Мен сериалды көрмедім», – деді Саясат Нұрбек.
Оқу-ағарту министрі де фильмді көрмегенін айтты.
«Оқу-ағарту министрлігі және жеке өзім зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз. Сондықтан, әрине, нөлдік төзімділік принципі болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, тіпті сериалды шығарушы ел де бұл мәселені қайта қарастырған. Әрине, мектепте зорлық-зомбылық болмауы керек, мұндай туындылар елімізде көрсетілмеуі керек. Бұл сарапшылардың зерттеуі мен пікірін қажет етеді. Мен өзім сериалды көрген жоқпын», – деп қосты ол.