Таразда балабақша басшысы 13 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Ол қамауға алынды

Фото: almaty.tv

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

"Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.