Аудандық форум
Алматы облысы Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі базасында «Мен сені үлгі тұтамын!» тақырыбында ерекше балаларға арналған тұңғыш рет аудандық форум өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Форумға Қарасай ауданы бойынша 42 мектептің ерекше білім беруді қажет ететін, үйден оқитын, инклюзив оқушылары мектеп директорлары және логопед мамандары қатысты. Форумға «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы және «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Еркимбаева Асель Аблеқызы қатысты.
Форум 2 бөлімнен құралды. 1-ші бөлімінде концерттік бағдарлама мен ашық алаңда сұхбаттасу жүргізілді. Мектептің түлектері , Англияның Оксфорд қаласында өткен Халықаралық спорттық жарыстардың жүлделі жеңімпазы Исламова Айнұр Исламқызы мен қол күрестен 4 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жаттықтырушы, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен нұсқаушы-ұйымдастырушы Бисенбаев Жасұлан Балымжанұлы оқушылармен ашық алаңда сұхбаттасты. Форумның 2-ші бөлімінде әртүрлі түстермен топқа бөлініп, фасилитациялық алаңдар ұйымдастырылып, 8 бекетке саяхат жасады.
1 бекет - «Құм терапиясы», логопед-дефектолог М.Калиева, Г.Копбаева
2 бекет - «Ахмет жаққан шамшырақтар», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Жубанова, М.Молдагалиева
3 бекет - «Өнерім өмірім», С.Байманова, Б.Сабиров
4 бекет - «Қуыршақтар әлемінде», А.Джылкаманова, Г.Нысанбаева
5 бекет - «Музыкалық терапия», «Октава» бірлестігі
6 бекет - «Қимылдарды қайталау», «Олимп» бірлестігі
7 бекет - «Біз біргеміз», «Олимп» бірлестігі
8 бекет - «Арт терапия», ДТІЖО Ж.Адилбаева, Қ. Юлдашбаева, педагог-ұйымдастырушы Қ.Жайлыбаева, З.Кусаинова жүргізді. Саяхат барысында оқушылар бекеттерде өз өнерлерін көрсетті. Кері байланыс алу барысында оқушылар форумнан алған керемет әсерімен бөлісті.
Форум соңында «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы оқушыларға кітаптар сыйлады.