Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгінде дәріні 15 адам қабылдап жатыр

Ашық дереккөзден

Отандық биотехнолог Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Дос Сарбасов деген атақты биотехнолог, ғалым бар. Ол Техас университетіндегі Андерсон онкологиялық орталығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді. Қазір Қазақстанға оралды. Дос ағамызға үлкен алғысымызды айтамыз», – деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, бүгінде дәріні 15 адам қабылдап жатыр.


«Қазір ол – ұлттық зертхананың басшысы. Бүгінде биотехнолог болғанына қарамастан, онкология саласында жұмыс істейді. Қолымда тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған DVC атты онкологиялық дәрі-дәрмек тұр. Қазір осы дәрімен 15 кісі емделіп жатыр. Олар – Алматыдағы онкология және радиология институтында», – деді министр.

Саясат Нұрбек бірегей препаратты келесі жылы нарыққа шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.