Соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымға ауыстырылды

Qaz365.kz редакциясы
qarmaqshy-tany.kz

Енді Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

"Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы - 36 апта. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні - 1 қыркүйек, ал биылдан бастап соңғы оқу күні - 31 мамыр. Бұл күні оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, сабақтармен қатар, сабақтан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусым - жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар, бұл күні балаларды қорғау күнімен қатар, мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі", - дейді ол видеода.