«Болашақ» стипендиясын еңбекпен өтеу мерзімін шегеру санаттары көбеймек

Qaz365.kz редакциясы
inbusiness.kz

«Ашық НҚА» порталында «Болашақ» халықаралық стидендиясын еңбекпен өтеу мерзімін кейінге шегеруге негіз болатын себептердің қатарын көбейтуге бағытталған министр бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамашы болып отырған құжат 25 қаңтарға дейін қоғамы талқылауында болады.

Бұйрықтың бұрынғы нұсқасы бойынша стипендиаттар стипендияны еңбекпен өтеу міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішті 4 жағдайда бере алатын. Жаңа редакциядан ондай жағдайлардың қатары 8 болатыны көрсетілген.

Олар:

5) Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда, докторантура бағдарламасы бойынша академиялық оқуды жалғастыру;

6) Стипендиат ағымдағы жылы шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы стипендиаттың өтініш берген сәтінде рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік ұйымдарының («Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies») әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өту;

7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан 12 айдан аспайтын мерзімге Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ұйымдарында;

8) алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімге посдокторантурадан өту.

«Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру Қағидалардың осы тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі», - деп жазылған құжатта.