Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы 50%-ға өседі

Qaz365.kz редакциясы

Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы артады

Фото: ашық дереккөзден

Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өседі, деп хабарлайды Qaz365.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр қыркүйек айында 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы артқан. Биыл жаңа оқу жылынан бастап оның көлемі тағы 50%-ға өседі. Ал шәкіртақының ұлғайтылған көлемін алатын студенттердің саны 300 мыңға жетеді.

«Сонда орта буын мамандықтарының студенттері 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – дейді министрлік мамандары.

Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстандағы колледждерде барлығы 542 мың студент білім алуда. Олардың ішінде 344 мың адам тегін оқиды.