«Көгөніс», әлде «көкөніс»
Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілердің бірі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақ әдебиеті кітабындағы баяғы дау «көгөніс» пен «көкөніс» сөзінің қайсысы дұрыс екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Көкөніс» сөзі «г» әрпі арқылы жазылады», – дейді Ғани Бейсембаев.
Алайда әріптесіміз министрден сөзін нақтылауды сұрады. Өйткені орыс сыныбында оқитын 5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі әдебиеті оқулығында «көгөніс» деп жазылған көрінеді.
«Өздеріңіз білетіндей, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты бар. Онда жұмыс істейтін ғалымдар қай сөздің қалай жазылуына байланысты шешімдер қабылдап отыр. Сіз айтқан оқулық сараптамадан өтті. Бұдан бөлек ол лингвистикалық сараптамадан да өтеді. Сондықтан қазақ тіліне қатысты өзгерістер тиісті мемлекеттік органдардың талдауынан өтуі тиіс. Бұл мәселені институттан қосымша анықтай аламыз. Жаңа ережеге сәйкес «көкөніс» емес, «көгөніс» деп неге жазылатынын қосымша түсіндіре жатар», – дейді ол.
Айта кетейік, бұл әңгіме 2022 жылы да көтерілген.