Әлемнің әр түкпірінен 1500 қатысушы келді
2024 жылдың 22-28 наурыз күндері Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.
Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.
Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.