Қазақстанда биыл 3,8 млн оқушы мектеп бітіреді

Qaz365.kz редакциясы

Бастауыш сыныпты 374 мың бала тәмамдайды

Фото: ашық дереккөзден

Тағы бір оқу жылы аяқталуға жақын. 
Биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын тәмәмдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала тәмамдайды және 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады.

«Соның ішінде 7 704 жас түлек «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр-11 маусым күндері өтеді», - деді Ғани Бейсембаев.

Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі.