20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады
Бүгін үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жіберіледі.
Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады.
Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі.
Айта кетейік, биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 миллионға жуық бала жазғы демалысын өткізеді.
Жазғы демалысты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 120 мың ұйымдастырушы-педагог арнайы дайындықтан өтті. Оған қосымша 12 мыңнан астам студенттер және еріктілер тартылмақ.