Игі үрдіске айналған тазалық шаралары
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Игі үрдіске айналған тазалық шараларын өңірдегі оқу ордаларының белсенді оқушылары да жұмылып атқаруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп оқушылары табиғат тазалығына өз үлестерін қосуда. Айналаны қоқыстардан тазартып қана қоймай, жиналған бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қайта өңдеу орталығына өткізді.
Табиғи ресурстарды саналы тұтынуды насихаттаған оқу орнының белсенді білімгерлері қайта өңдеу үшін 100 кг-нан аса қалдық жинаған.
«Қоқыстарды қайта өңдеу табиғатқа деген жанашырлықты ғана емес, ұқыптылық пен жауапкершілікке де үндейді. Осы арқылы оқушылардың бойынша эко-мәдениет қалыптасып жатқанына сенімім мол», - дейді Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әділет Қанатұлы.