Еліміздегі 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланған

2023-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасқан. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 6 мектеп, екінші орынды 6 мектеп және үшінші орынды 23 мектеп иеленіпті.
Бұл ретте алғашқы бестікте мына мектептер тұр:

Республикалық физика-математика мектебі (Алматы қаласы);

«Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» (Ақтөбе қаласы);

Шығыс Қазақстан облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі (Өскемен қаласы); 

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» (Астана қаласы);
Атырау облыстық №1«Білім-Инновация» лицей-интернаты.

100 үздік олимпиадалық мектептер тізімін мына жерден көре аласыздар.