Бұл әзірге еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш болып тұр
Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл әзірге еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Ол қандай мамандық иесі болуды қалайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айдос Хайруллаұлы Кентаудағы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан.
Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.
Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і – «Алтын белгі» белгіге, 2 466 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер.
2024 жылғы 24 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірінші негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы айтты. 30 мыңнан астам жас қазақстандық сынақтан өтті.