1984 жылғы түлектер мектептегі күндерін еске түсірген
Әр жылдары мамыр мен маусым айларында мектеп бітіргендеріне 10,20,30,40 жыл болған түлектер жиналып жатады. Биыл 1984 жылғы түлектердің бір тобына қарт ұстаздарының сабақ өткізген видеосы желіге тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видео қай аймақта түсірілгені белгісіз. Тек 1967 жылғы азаматтарға 93 жастағы қарт ұстаздары есеп түсіндіріп жатқанын байқауға болады. 1984 жылғы түлектер мектептегі күндерін еске түсірген.
«Әбден тақтаны сағынған екен. Қандай кереме естелік. Балалық бақытты шаққа оралу деген осы ғой», «Аллаһ әжемнің жасын берсін», «Бұрынғы білімді мұғалімдер», «Әжеміздің жасын берсін жарайсыз. Шаршамаңыз, әжетай», «Дауысы қандай тамаша!», «Алла денсаулық берсін», «Білімді білікті ұстаз аналар аман болыңыздар», - деп желідегілер де ризашылықтарын білдіріп жатыр.