Жаңа рекорд: Ауылдың баласы ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

Qaz365.kz редакциясы

Ең үздік нәтиже

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд орнатылды. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, кеше ғана жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен болатын. Ал бүгін Еңсебек Жаннұр 140 балл жинап, рекордты жаңартты.