Ол мектепте 11 жыл үздік оқыған
ҰБТ-да 140 балл жинаған түлек Жаннұр Еңсебек қай мамандыққа қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Өткен аптада ҰБТ-дан 140 балл жинап, биылғы жылдың рекордын орнатқан Жаннұр Еңсебек университетімізге келіп, SDU-да оқытылатын мамандықтармен танысуда. 11 жыл үздік оқыған Жаннұр – «Алтын белгі» үміткері. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырған және Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің мамандықтарына қызығушылық танытып отыр» – деп хабарлады SDU университетінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады. Оған жақында көлік сыйлады.