Қазақстан халықаралық физика олимпиадасынан бес медаль жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді

Ашық дереккөзден

Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.
Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Досжан Бисимби — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері — PhD докторы, SDU University доценті Самат Мақсұтов және SDU University физика пәні мұғалімі Назарали Айтжанов.

«Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.