Бұрынғы Оқу-ағарту министрі аталмыш жетістіктің өте жоғары көрсеткіш екенін атап өтті
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылардың халықаралық химия олимпиадасындағы жетістігі туралы сүйінші хабарды жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұрынғы Оқу-ағарту министрі аталмыш жетістіктің өте жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
«Міне, керемет жаңалық! 2 алтын медаль, 1 күміс және 1 қола медальді оқушыларымыз Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) жеңіп алды! Бұл шын мәнінде керемет жетістік. Осымен үш жыл қатарынан Қазақстан алтын медальмен оралып, өте жоғары нәтиже көрсетуде», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Жалпы команданың нәтижелері:
Илюсизов Ринат - алтын
Ким Кирилл - алтын
Кабдулхадыр Абылай - күміс
Молдағұл Әділжан - қола
«Барлық оқушыларды, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймын!», - деп жазды Мәжіліс депутаты.