1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады
1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады. Мұндай мәліметті Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
«1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған», — деді министр.
Бүгінде өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізіледі.