Алдағы жаңа оқу жылына бакалавр бойынша 78 мыңнан астам грант бөлінді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балл жинаған, бірақ грантқа түсе алмаған талапкерлер тізімі ректорларға берілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Әкімдіктер 2,5 мыңға жуық грант, жұмыс берушілерден 870 Грант, «Қазақстан халқы» қорынан тағы 870 грант бөледі. Біздің дарынды балаларымыздың барлық тізімі ректорларға тапсырылып, таңдайтын болады. Тіпті, ректорлар үздіктер үшін «төбелеседі», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.
Министрліктің мәліметінше, жоғары балл жинаған 70 мың талапкер грант алған жоқ. Сонымен қатар министр қыркүйек айында «талапкерлер түрлі себеппен алған гранттарынан бас тартқан кезде» 2-3 мыңға жуық грант бөлінуі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, алдағы жаңа оқу жылына бакалавр бойынша 78 мыңнан астам грант бөлінді.