Алматыда 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау болмайды

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі растады

Фото: ашық дереккөзден

Алматылық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бармайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова 1 қыркүйек демалыс болатынын айтты.

«1 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз», – деді әкімнің орынбасары.

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай да мектеп оқушыларына арналған алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте өтетінін атап өтті.

«Қазір білім бөлімімен 1 қыркүйек демалыс күні деп жоспарлап отырмыз. 2 қыркүйекте таңертең алғашқы қоңырау өтеді. Дәстүр бойынша бірінші сыныпқа баратындарды күтіп аламыз. Қаладағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау 10-15 минут болады», – деді ол.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі де растады.