Биыл 350 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанда Білім күні атап өтіледі 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл 350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Елімізде 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. 
Білім күні – оқушылар мен студенттер, ата-аналар, сондай-ақ педагогтер, ЖОО оқытушылары мен әдіскерлер үшін ерекше мереке. 
Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ізденімпаздық, зерттеуге деген құлшыныс кәсіби жетістікке жетуге, талантымызды ашып, дамытуға, ғылыми жаңалықтар ашуға және жаңа технологиялар жасауға мүмкіндік береді. 
Мереке құтты болсын! Биылғы оқу жылында қызықты сабақтар, жаңа жобалар көп болсын!