Биыл 338 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты
Бүгін 29 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқу жылының басталуына орай салтанатты жиындар Алматының барлық мектептерінде таңертең өтті.
Әуезов ауданындағы «Жайлы мектепте» алғаш рет мектеп қоңырауы соғылды. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан ұлттық жоба аясында Алматыда салынған алғашқы заманауи оқу орны. Ол 60 жыл жұмыс істегеннен кейін апатты деп танылған және бұзылған №97 мектеп-гимназияның орнында салынған.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова №97 мектеп-гимназиясының оқушыларымен педагогтарын құттықтады.
«Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, ол білім әлеміне және жаңалықтарға өнер әлеміне және нақты ғылымдарға есік ашты! Биылғы жылы мектеп парталарына 307 мыңнан астам бала отырады. Жаңа оқу жылы бәріне қызықты әрі жемісті болсын, жаңа жетістіктерге қуаныш әкелсін!» - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.
Жаңа мектеп 600 орынды және барлық заманауи талаптарға сай. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар, оқу дағдылары, цифрлық технологияларды игеру, сондай-ақ бастауыш және орта мектеп сыныптары үшін бөлек блоктар қарастырылған.
«Біз мектептің ашылуын асыға күттік. Кітапхана мен оқу кабинеттері заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, балалардың демалуына арналған коворкинг аймақтар, әр балаға арналған жеке шкафтар қарастырылған. Мектеп жас ұрпаққа жан-жақты білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашады. №97 мектеп бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Менің үлкен ұлым бірінші сыныптан бастап осында оқиды, 11-сыныпты бітіреді, ал биыл кіші ұлым алтыншы сыныпқа көшті. Менің балаларым мектепке үлкенқуанышпен барады, мектептегі іс-шараларға белсенді қатысады!» - деді оқушы анасы Оксана Қыстаубаева.
Биыл 338 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты, оның ішінде 216 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектептің іске қосылады.