Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын тағы көтеру жоспарланып отыр

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемі таныстырылды

Фото: egemen.kz

Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып жатқан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ке сілтеме жасап.

«2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге сомасында қаржы қарастырылған», - деді ол.

Екінші басымдыққа ие білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн теңгені бөлінбек. 

«Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі – жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады», - деп хабарлады ол.