Мәйіт табылған ғимарат бұрын балабақша болған
Астана полициясы 10 қыркүйекте қараусыз қалған ғимаратта денесі табылған 14 жасар қыздың өліміне қатысты тергеуге түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шықты. Оқиға орнын егжей-тегжейлі тексеру жүргізілді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, алдын ала мәліметтер бойынша – жүректің тоқтауы», - дейді Астана қаласы ІІД Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әбиров.
Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты және объективті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Мәйіт табылған ғимарат бұрын балабақша болған. Кейін сектанттардың бақылауына өткен. Сосын бос қалған.