Педагогтердің білімін бағалауға арналған кезекті тестілеу басталады

Qaz365.kz редакциясы

Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға 2 рет өтініш бере алады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өтініштерді қабыдау ертең – 21 қыркүйекке дейін aap.testcenter.kz сайтында жалғасады.

Ал бағалау тесттері 23 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. Атап айтқанда:

  • біліктілікті арттыру мен растау үшін (жұмыс істеп жүрген педагогтер) 23-28 қыркүйек аралығында;
  • педагогикалық жұмыс өтілі жоқ қызметкерлерге (түлектерге), педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар үшін тестілеу 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді.

Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.