Президент келісті. Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жақсы жаңалықты жария етті

Qaz365.kz редакциясы

Енді сынып жетекшілері арасында бәсекелестік артады

primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының мамандарымен кездесуде сынып жетекшілеріне қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сынып жетекшілеріне басқаша қараймыз. Мектеп директорлары ешкім сынып жетекшісі болғысы келмейді деп айтады. Сынып жетекшілеріне басқаша статус беруіміз керек. Яғни статус дегеніміз – оған төленетін қосымшаны үш есе көтереміз. Президент келісті. Енді сынып жетекшісінің аттестацияда қосылатын балы көп болады. Сондықтан сынып жетекшілері  арасында бәсекелестік артады», – дейді Ғани Бейсембаев.


Министр бұған дейін сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін екенін айтқан болатын.
Ол бүгінгі таңда бұл үстемақы 8 мың теңге болса, енді 30 мыңға дейін жеткізуіміз керек деген еді.