Астанада бір мектептің оқушылары телефоннан біржола бас тартты

Qaz365.kz редакциясы

Бастаманы мектеп әкімшілігі көтерген

Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында білім ордасында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл бастаманы мектеп әкімшілігі көтеріп, ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған.

Екі жылдан бері осы тәртіпті пайдаланып келе жатқан мектепте балалар арасында құқықбұзушылық орын алмаған.

«Керісінше, оқушылардың білімге құштарлығы артты», - дейді мектеп басшылығы.