"Болашақ" бағдарламасымен оқып шетелде қалып қойған қанша студент бар

Nur-Altay Umirzak

Бүгінде олардың оқу ақысын мемлекетке қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр

Сурет ашық дереккөзден

Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде "Болашақ" бағдарламасымен оқыған 235 адам Қазақстанға оралмағаны үшін стипендиядан айырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz- ке сілтеме жасап.

"Бұл жалпы түлектер санының 1,9 пайызы. Осы тұлғаларға қатысты сот процестері басталды және қазір қаражатты ел бюджетіне қайтару процесі жүріп жатыр. Орталық жұмсалған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр", – делінген ведомства  хабарламасында. 

Айта кетейік, былтыр елге қайтпай қалған түлек саны шамамен 1 пайыз немесе 180-ге жуық адам болған. Биыл бұл көрсеткіш өзгеріп, бір жылда тағы 55 стипендиант шетелде қалған.  

Ведомство өкілдерінің айтуынша, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып, Қазақстанға оралмаған стипендиаттардың көпшілігі АҚШ-та және Ұлыбританияда білім алған.