Шеберханада студенттер Zeekr, Haval сынды басқа да электромобильдермен жұмыс істейді
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ті аумағында студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашатын Тяньцзинь кәсіби институтымен серіктестікте құрылған бірегей білім беру алаңы “Лу Бань шеберханасы” ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бірегей білім беру алаңында инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша келесі мамандар дайындалады:
“Бұл жерде студенттер Zeekr, Haval сынды басқа да электромобильдермен жұмыс істейді. Таза практика. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Моңғолия және Нигериядан келген 350-ден астам студент заманауи білім мен дағды алу үшін Лу Бань шеберханасын таңдады”, – делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.
Оқу орталығында оқыту үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.