Қазақстанда қыркүйектен бері қанша бала тегін тамақпен қамтылған: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілген

Tolqyn.kz

2024 жылдың қыркүйегінен бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың немесе 100% бала мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанып, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі керек” деген Президенттің тапсырмасын толығымен орындадық”, – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн астам оқушы тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде 1,4 млн бастауыш сынып оқушылары болса, 340 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.