53 білім беру ұйымында заң бұзушылықтар анықталды - Оқу-ағарту минстрлігі

Nur-Altay Umirzak

Оқу-ағарту минстрлігі жыл басынан бері 69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізген

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

ҚР Оқу-ағарту минстрлігі жыл басынан бері 69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіп, оның 53-інде заң бұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды  Qaz365.kz

 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізген. Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс-шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.

 Ағымдағы жылдың соңына дейін бақылау іс-шаралары жартыжылдық тізімге сәйкес еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында өткізіледі.