Құрылыс компанияларына не үшін салық өспейтіні белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин БАҚ басшыларымен кездескен кезде құрылыс компаниясының салық төлеу құрылымын өзгерту керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
БАҚ басшыларымен кездескен кезінде Жұманғариннен журналистер неліктен құрылыс компаниялары қосымша құн салығынан босатылғанын сұрады. Вице-премьер құрылыс компанияларына не үшін салық өспейтінін түсіндірді.
«Мәселе сатылатын пәтерлерде. Пәтер қымбаттап кетсе, ол тұтынушылардың жағдайына әсер етеді. Егер құрылыс компанияларының қожайындарына салықты көтерсек, олар бірден бағаны көтереді. Сол себепті оны ойлау керек. Ешкім ешкімнен қорықпайды. Ондай жоқ бізде. Қорқудан шаршадық біз. Бірақ құрылыс саласының құрылымын өзгерту керек. Себебі, әрбір үйді салу үшін бөлек ЖШС ашты. Неге? Өйткені, ертеңгі күн мәселен, үйдің сапасына шағым түссе, оны салған ЖШС-ның артында ештеңе жоқ. Ештеңе ала алмайсың. Қазір үлкен компаниялар үлкен бренд атауы тұрады, бірақ ештеңе салмайды. Соны өзгерту керек. Сату бар. Жеке кәсіпкерлік субъект ретінде үйді сатады. Айлықты әр жұмысшыға таратады. Олар да жеке кәсіпкер (ИП). 15 млн деген – жартысы сондай адамдар. Оны дұрыстап түсіну керек», - деді ол.
Серік Жұманғариннің айтуынша, егер халықтың жағдайына әсер етпесе, ондай реформа түк те қажет емес.
«Не істейміз оны? Ұлттық қор бар деп, жүре бере алмаймыз. Керек болса шетелден қарызға алайық. 5-6 жыл өмір сүреміз. Әлемде жағдай өзгерер, жаңа мұнай, газ қорын табармыз...» - дейді Үкімет басшысының орынбасары.