Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сенат брифингінде Астана экономикалық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады. Covid-19 кезінде екі жыл қатарынан өткізілмеді, былтыр су тасқынына байланысты тағы бір жылға тоқтатылды. Дегенмен, бұл – Қазақстанның визиттік карточкасы. Мұндай форумдар қажет, өйткені олар елімізге беделді, белсенді және ықпалды адамдарды тартады. Әлемнің түкпір-түкпірінен президенттер, бизнесмендер мен танымал тұлғалар келеді. Бұл – Қазақстанды таныстырудың, инвестиция тартудың мүмкіндігі. Сондықтан неге өткізбеске? Өткіземіз. Әрине, биыл Үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе, бюджеттен бөлу қарастырылуы мүмкін. Алайда маған берілген тапсырма – демеушілер есебінен қаржы табу. Егер мүмкіндік болса, бюджеттен мүлде қаражат бөлінбейді, - дейді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті.