Қазақстаннан шыққан бал Еуропа елдерінде сатылады

Nur-Altay Umirzak

Қазақстан 2023-2024 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндірген

Сурет: nz.pinterest.com

 ҚР ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

“Қазақстандық бал енді Еуропа нарығына тасымалданады. Еуропалық Одақ елімізді балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті.Комитет ұсынылған құжаттарды қарап, оларды TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропалық Одақ Комиссиясына жіберу үшін дайындайды.Жаңа регламент ЕуроОдақтың ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күннен соң күшіне енеді. ЕуроОдақ бал өндіруден әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында. Дегенмен, өз тұрғындарының балға деген сұранысын тек 63 пайызға қамтуға қауқарлы. Қалғанын шет елден сатып алады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Біздің ел 2023 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндіріп, оның 228 тоннасын Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иорданияға экспорттаған.