Оңайлатылған 3% салық енді болмайды – депутат Қошмамбетов

Qaz365.kz редакциясы

Салық режиміндегі өзгерістер

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов оңайлатылған салық режиміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстанда 2 миллионға жуық кәсіпкер оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейді. Бірақ Үкімет салық режимдерін біріктіріп, тек 40 қызмет түрін ғана қалдырмақ. Бұл жаңа салық кодексінде болатын норма”, – дейді мәжілісмен. 

Оның айтуынша қалғандары не жалпыға бірдей салыққа өтеді, не бизнесті жауып тынады.

“Ал 1,7 млн кәсіпкер қосымша шығынға батады, деп ойлаймын. Салықтық ауыртралықты есептеу үшін бәрі есепші жалдауға міндетті болады, тіпті саудадан түсетін айналым 15 млн теңгеден аз болса да осындай машақат күтіп тұр. Бұл әділетті ме, білмеймін. Кәсіпкерлерге қиындық туғызбау үшін не істеу керек, дегенді күн тәртібіне шығару керек. Respublica партиясымен бірге бұл өзгерістерді таоқылау керек, – деді Айтуар Қошмамбетов.