"3 триллион теңге". Бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Бюджетке түсетін алымдардың тең жартысын ең ірі 30  компания қамтамасыз етеді

Фото: gov.kz

Қаржы министрлігі 2024 жылы бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар тізімін жариялады.  Бұл тізімде ірі мұнай компаниялары көш бастап тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

  • "Теңізшевройл" – 3 триллион теңге
  • Karachaganak Petroleum Operating B.V. – 1,1 триллион теңге
  • "Маңғыстаумұнайгаз" – 304,5 миллиард теңге
  • Halyk Bank – 259 миллиард теңге
  • "Азиялық Газ Құбыры" – 224,8 миллиард теңге

Үздік ондыққа сондай-ақ төмендегі компаниялар кірді:

  • KAZ Minerals Aktogay (212 миллиард теңге)
  • "Норт Каспий Оперейтинг Компани" филиалы (210,7 миллиард теңге)
  • "Өзенмұнайгаз" (182,5 миллиард теңге)
  • "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" (178,7 миллиард теңге)
  • "Филип Моррис Қазақстан" (167,8 миллиард теңге)

Банктер арасында Kaspi Bank (22-орын, 107,2 миллиард теңге) және "Банк ЦентрКредит" (31-орын, 77,7 миллиард теңге) бар. Kaspi-дің еншілес компаниясы "Kaspi Магазин" 18-орынға көтеріліп, 118,3 миллиард теңге салық төлеген.

Мұнай-газ саласындағы компаниялар:

  • "Ембімұнайгаз" (167,4 миллиард теңге)
  • "Қаражанбасмұнай" (163,4 миллиард теңге)
  • "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" (127,9 миллиард теңге)
  • "ҚазМұнайГаз" (85,6 миллиард теңге)
  • "Chevron International Petroleum Company" (65 миллиард теңге)
  • "Қазгермұнай" (64,4 миллиард теңге)

Мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты (154,5 миллиард теңге)
  • Павлодар мұнай-химия зауыты (142,6 миллиард теңге)

Тау-кен өндірісіндегі ірі салық төлеушілер:

  • "Қазақмыс корпорациясы" (132,2 миллиард теңге)
  • KAZ Minerals Bozshakol (117,4 миллиард теңге)
  • Altyntau Kokshetau (96,5 миллиард теңге)
  • “Бақыршық тау-кен кәсіпорны” (59,6 миллиард теңге)
  • RG Gold (56,6 миллиард теңге)
  • "Қазхром" (46,7 миллиард теңге)

Уран саласындағы компаниялар:

  • "Қаратау" (93,9 миллиард теңге)
  • "Инкай" бірлескен кәсіпорны (91,1 миллиард теңге)
  • "Оңтүстік тау-химия компаниясы" (80,7 миллиард теңге)
  • "Ақбастау" бірлескен кәсіпорны (63,8 миллиард теңге)
  • "Хорасан-U" бірлескен кәсіпорны (53,4 миллиард теңге)
  • "Катко" қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны (52 миллиард теңге)