Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы болып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда салыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес», - деді Президент.
Оның айтуынша, мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін.
«Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы болып жатыр.