Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін жобасын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр, - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.
Одан бөлек Үкімет әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциз енгізуді ұсынып отыр.