Ұлттық банк мәлімідемесі
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметінше, базалық мөлшерлемені төмендетуге әзірге алғышарттар жоқ.
"Инфляцияға әсер етуші факторлардың қалыптасқан тепе-теңдігін, оның қазіргі қарқынын, сыртқы ортадағы проинфляциялық үрдістері мен жоғары белгісіздік деңгейін ескере отырып, алдағы шешімдер аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге алғышарттар әзірге қалыптасқан жоқ", - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.