Жамбылда цифрландыру әлеуеті артуда: 73 жұмыс орны құрылды

Qaz365.kz редакциясы

Өңірде IT инкубация, жол картасы және цифрландыру арқылы 2024 жылы ондаған жұмыс орны ашылды

Жамбыл облысы елдегі IT саласын өңірлік деңгейде дамытуға күш салып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 73 жаңа жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жамбыл облысында цифрлық технологиялар саласы қарқынды дамып келеді. Облыс әкімдігінің басқару және архивтер басқармасына қарасты «Жобалық басқару және цифрландыру орталығы» 2024 жылы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырған.

Атап айтқанда, Astana Hub-пен бірлескен «Zhambyl Hub» ІТ-инкубациялық жобасы арқылы жастар мен стартап иелеріне қолдау көрсетіліп, жаңа бизнес мүмкіндіктерге жол ашылды. Сонымен қатар, білім басқармасымен бірге өңірлік ІТ-жол картасы бекітіліп, мектептерде ІТ саласын насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Цифрландыру аясында 83 адам электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасып, жыл соңына дейін 73 жаңа ІТ мамандықтағы жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.