Қазақстанда 360-қа жуық блогер салық төледі

Qaz365.kz редакциясы

Салық төлемеген қалған блогерлерге қатысты жүргізілген жұмыс нәтижесі қосымша хабарланады.

Фото Depositphotos.com

Қазақстандық салық органдары 850 блогерге хабарлама жіберді. Олардың жартысынан азы салық төлеген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Солардың ішінде 360 блогер табыс тапқанын өз еркімен растады. Олар 256 млрд теңге төледі, – дейді қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Оның айтуынша, салық төлемеген қалған блогерлерге қатысты жүргізілген жұмыс нәтижесі қосымша хабарланады. Вице-министр талапты орындамаған азаматтарға шара қолданатынын ескертті.

Салық кодексінде қарастырылған ережелерге сай шара қолданылады, – дейді Дәурен Темірбеков.