"Ең арзаны ШҚО-ында": Елімізде тауарлық газдың шекті бағасы белгіленді

Nur-Altay Umirzak

Бағалар 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 маусымына дейін белгіленген

Сурет: Kursiv.media

Елімізде ірі коммерциялық тұтынушылар мен кеншілерге кейіннен сатуға арналған ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің бұйрығы шықты.

Қосымша құн салығы есебінсіз мың текше метр үшін тауарлық нащдың шекті бағасы:

  •  Астана-72 846 теңге
  • Алматы-76 686 теңге
  • Шымкент - 71 122 теңге
  • Ақмола облысы - 72 846 теңге
  • Ақтөбе облысы-54 933 теңге
  •  Алматы облысы - 76 686 теңге
  •  Атырау облысы - 41 993 теңге
  • Батыс Қазақстан облысы-55 365 теңге
  •  Жамбыл облысы - 70 639 теңге
  • Жетісу облысы-76 686 теңге
  •  Қарағанды облысы - 72 846 теңге
  •  Қостанай облысы - 62 951 теңге
  •  Қызылорда облысы - 59 179 теңге
  • Маңғыстау облысы-57 649 теңге
  • Түркістан облысы - 71 122 теңге
  • Ұлытау облысы-72 846 теңге
  • Шығыс Қазақстан облысы-13 069 теңге

Бағалар 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 маусымына дейін белгіленген.