«Шегіртке – халал жәндік». Жұманғарин бұл жолы ашуға ерік берді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Коллаж Orda

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шегірткелерді халал деп санайды. Бұл жолы бұл пікірін еске түсірген журналистерге ашуланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру барысында Жұманғарин бұған дейінгі мәлімдемесін жоққа шығармағанымен, шегірткені тағамға қосуды ұсынбағанын атап өтті.

Мен оны жеу керек дедім бе? Ол «халал өнім»  дедім, – деп жауап берді ол журналистерге ашуланып.

Шегірткенің егістікке келтіріп жатқан зиянын қалай тоқтатуға болады?" деген сұраққа Жұманғарин шегіртке экожүйенің бір бөлшегі екенін, одан толық құтылу мүмкін емес екенін айтты. Ол шегірткелердің жер бетінде ежелден тіршілік етіп келе жатқанын және олардың белсенділігі шамамен 12 жылда бір рет қайталанатынын атап өтті.

Қазір біз оның екіжылдық циклінің аяғындамыз. Келесі жылы мұндай белсенді болмайды, – деп түсіндірді министр.